Epigraph Publishing - Book description Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
Газизова Назигул Слямболовна Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін паш етіп, өзін құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітіп, қоғам өмірінің экономикалық, саяси, әлеуметтік саласына елеулі өзгерістер енгізді, нарықтық экономиканы, көппартиялық жүйені қалыптастырды, қоғамдағы көптеген демократиялық және құқықтық институттарды нығайтты. Қазақстанның әрі қарай динамикалық және тұрақты дамуы бірінші кезекте адам құқығы мен бостандығы сияқты жалпы адами құндылықтарға негізделуге тиіс құқықтық сананың деңгейіне тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы өз Конституциясында адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық болып табылатынын мақұлдап бекітті. Қоғамның дамуы, заңдылықтың нығаюы, құқық тәртібінің орнауы үшін құқықтың маңызы зор екендігі белгілі. Сондықтан, тұтас алғандағы қоғамдық прогресс, экономиканың жаңа сатыға көтерілуі және елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ең алдымен қоғамдық қатынастардың қалай реттелінгендігіне және заң талаптарын орындамағаны үшін нормативтік-құқықтық актілерде қандай шаралардың қарастырылғанына байланысты. Сол себептен, құқықтық пәндерді оқытудың ролі артуда. Құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқан әр азамат конституциялық құқықтарын біліп қана қоймай оны жүзеге асыра алу қабілетіне ие болуы керек. Осы салада Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығын оқытудың маңызы зор деп білеміз.
Contents
Contents
Текст книги
Текст книги
Video lectures
Video lectures
Tests
Tests