Издательство Эпиграф - Описание книги Астрономияның алғашқы бөлімдері
Кенжәлиев Досым Астрономияның алғашқы бөлімдері
Ұсынылып отырған оқу құралында автор астрономияның маңызды бөлімдері – астрометрия және аспан механикасы мәселелерін баяндап өткен. Астрономиядан қазақ тіліндегі басылымдардың жоққа жуықтығы белгілі. Астрометрия және аспан механикасы астрономияның ежелден келе жатқан ең алғашқы, сонымен бірге қазіргі тұрмыста және ғылым мен техникада үлкен орын алатын салалары болып табылады. Астрометрия бөлімінде уақыт аралықтарын өлшеу және Жер бетіндегі бағдарлану мәселелеріне шолу жасалған Автор оқу құралының екінші бөлімінде аспан механикасына және оның жеке салалары: «Астродинамика», «Ғарышкерлік» сияқты жас, кейінгі кезінде жақсы дамып бара жатқан салаларынан басқа, ХІХ ғасырда аспан механикасы аясында пайда болған, кейін одан бөлініп, жұлдыздық астрономияға қосылып кетсе де, аспан механикасымен байланысын үзбеген саласы – «Жұлдыз жүйелері динамикасына» сипаттама берген. Оқу құралында қамтылған мәселелер жоғарғы оқу орындарының «астрономия», «физика», «математика» және «география» мамандықтарында оқитын студенттерге, орта мектеп оқытушыларына астрономия саласынан білімін тереңдетуге көмегін тигізеді. Оқу құралы Батыс Қазақстан кеңесімен бекітілген.
Задачи
Задачи