Издательство Эпиграф - Описание книги Информатика
Обложка
Койбагарова Токтаберды Информатика
Оқу құралы «Информатиканың теориялық негіздері» және «Информатика» пәндерінің типтік оқу бағдарламаларында анықталған міндеттерге сай құрылымданды. Құралдың бірінші бөлімінде, информатиканың фундаментальды ұғымдарына жататын және информатиканың теориялық негіздері курсының мазмұнын құрайтын, келесі мәселелер қамтылды: - ақпарат және ақпараттық үдерістер, ақпарат және тіл, ақпаратты кодтау, ақпараттың мағыналы және алфавитттік өлшемі, информатиканың семантикалық негізі туралы түсініктерді қалыптастыру және машықтандыру; - есептеуіш техниканың арифметикалық негіздері; логикалық ақпарат, шамалар, формулалар, амалдар және ЭЕМ-нің элементтік базасы ұғымдарын қалыптастыру және ықшамдау; - алгоритм ұғымы және оны сипатау қасиеттері, негіздік құрылымдары, шамалармен жұмыс жасау ұғымдарын қалыптастыру және машықтандыру; - алгоритмдер теориясы, Тьюринг және Пост машиналары, Марковтың қалыпты алгоритмдері, алгоритмдік шешілмейтін есептер, алгоритм күрделілігі мен тиімділігі ұғымдарын қалыптастыру; - модель, модельді сипаттау әдістері, модельдеу ұдерісі, модельдерді құрудың негізгі кезеңдері, модельді сипаттау әдістері, ақпараттық модельдер, граф түріндегі ақпараттық модельдер ұғымдарын қалыптастыру. Оқу құралының екінші бөлімі информатика курсының іргелі компонеттері: аппараттық және бағдарламалық жасақтамаларды қарастыру мәселелеріне арналған. Аппараттық жасақтама бойынша ЭЕМ архитектурасы, Нейман принциптері, дербес компьютердің құрамы мен ашық архитектура түсінігі, процессор мен ішкі және сыртқы жады сипатталады. ЭЕМ бағдарламалық жасақтамасын қарастыру мақсаты, ол – базалық және қолданбалы бағдарламалық жасақтаманың негізгі топтарымен және олардың негізін қалайтын фундаменталды қағитаттарымен таныстыру болып табылады. Бағдарламалық жасақтама бойынша, оларды жалпы сипаттау мәселелері және Windows операциялық жүйесі мен қолданбалы дәстүрлі бағдарламалардың ортасында жұмыс жасау технологиялары қарастырылады. Параграфтардың соңында тест сұрақтары, есептер кешендері, бақылау жұмысының нұсқалары, тәжрибелік, өзіндік және шығармашылық жұмыстарға арналған тапсырмалар берілген. Оқу құралы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының «Информатика» мамандығында оқитын студенттерге, информатика пәні мұғалімдеріне, әдіскерлерге және білімді ақпараттандыру мәселелерімен айналысатын мамандарға арналған.
Содержание
Содержание
Видео лекции
Видео лекции
3d Анимации
3d Анимации
Задачи
Задачи
Тесты
Тесты